28 қарашадағы Қазақстанның айырбастау пункттеріндегі валюталардың орташа өлшенген бағамы белгілі болды. Бүгін бір доллар 510 теңгеге сатылып жатыр.
Сатып алу-сату долларының орташа бағамы:
Астана: сатып алу – 506 теңге, сату – 513 теңге;
Алматы: сатып алу – 509,5 теңге, сату – 514,5 теңге;
Ақтау: сатып алу – 501 теңге, сату – 506 теңге;
Ақтөбе: сатып алу – 504,5 теңге, сату – 513,5 теңге;
Қостанай: сатып алу – 507 теңге, сату – 512 теңге;
Павлодар: сатып алу – 508 теңге, сату – 513 теңге;
Семей: сатып алу – 498,5 теңге, сату – 509,5 теңге;
Талдықорған: сатып алу – 506 теңге, сату – 513 теңге;
Шымкент: сатып алу – 510 теңге, сату – 514 теңге.
Айта кетейік, 18 қарашада Қазақстанның айырбастаушыларындағы доллар бағасы 500 теңгеден, ал 26 қарашада 503 теңгеден асқан еді.