Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы Қасымов

Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы Қасымов

Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы Қасымов 1957 жылдың 18 мамырында Алматы облысыІле ауданының Байсерке ауылында дүниеге келген. 1979 жылы С. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін «заңгер» мамандығы бойынша тәмамдаған. 1979-1988 жылдар аралығында тергеуші, аға тергеуші, тергеу бөлімінің бастығы, кейіннен Алматы облысы ІІБ Іле ауданының ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары ретінде жұмыс істеді. 1988 жылы Алматы облысы ІІБ-ның қоғамдық қауіпсіздік бөлімі бастығының орынбасары болып қызметке тағайындалды. 1989 жылдан бастап Алматы облысы ІІБ Қапшағай ІІБ-нің бастығы. 1992 жылы Алматы облысы ІІБ Криминалдық милиция басқармасының бастығы, Алматы облысы ІІБ бастығының бірінші орынбасары ретінде еңбек жолын жалғастырды. Ал 1997 жылдың шілде айынан бастап Алматы қаласының ішкі істер бас басқармасының бастығы болып жұмыс істеген. 2003 жылдың желтоқсанынан 2005 жылдың маусым айына дейін Алматы облысы ішкі істер бас басқармасының, Ішкі істер департаментінің бастығы қызметін атқарды. 2005-2009 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің бірінші вице-министрі, вице-министрі болып жұмыс істеді. Ал 2009 жылдан бастап Шығыс Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің бастығы ретінде қызмет етті.

2011 жылдың сәуір айынан қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі және полиция генерал-лейтенанты ретінде еңбек жолын жалғастырып келеді. Қалмұханбет Қасымов 2-дәрежелі «Данқ» ордені, «Астана» медалі, «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының ардагері», «ІІМ-нің еңбек сіңірген қызметкері» және т.б. марапаттаулардың иегері.

Дереккөз: https://kk.wikipedia.org/

Похожие материалы