Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау шеңберінде жеке тұлғалар кірістері мен мүлкін міндетті декларациялаудан босатылды.
Яғни, 8 млн қазақстандық жалпыға бірдей декларацияға қатыспайды.
25 жылдың 1 қаңтарынан бастап жеке құрылымдардың қызметкерлері, зейнеткерлер, үй шаруасындағы әйелдер, студенттер және басқа азаматтар өздерінің кірістері мен активтері туралы есептерді тапсыруы керек еді.
«Босату осы санаттағы жеке тұлғалардың 90%-дан астамына әсер етеді. Декларациялауды мынадай санаттағы тұлғалар үшін сақтау ұсынылады: ҚР шегінен тыс активтері бар; бір жыл ішінде құны 20 000 АЕК (Т74 млн) асатын сатып алулар жасаған; өз бетінше салық салынатын табыс алған тұлғалар», – деп баяндады Қаржы министрі Мәди Такиев.
Премьер-министр Олжас Бектенов қаржы министрінің оларды декларацияны тапсырудан босату туралы ұсынысын қолдады.
«Бүгінгі таңда алғашқы үш кезең аясында жалпыға бірдей декларациялау жүйесіне 4,8 млн адам, оның ішінде мемлекеттік қызметшілер, коммерциялық ұйымдардың, квазимемлекеттік сектордың басшылары мен құрылтайшылары және олардың жұбайлары кірді», – деді Мәди Такиев.
Бұл ретте ерікті декларациялау құқығын беру қаралады.