Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Банктердің экономиканы кредиттеу көлемі 12 млрд теңгені құрады

Банктердің экономиканы кредиттеу көлемі 12 млрд теңгені құрады

Алматы. 26 сәуір. 7kun.kz - Банктердің экономиканы кредиттеу көлемі 2018 жылғы наурыздың соңында 12 566,3 млрд теңгені құрады. 2018 жылғы наурызда заңды тұлғаларға берілген кредиттердің көлемі 7 991,8 млрд теңгеге дейін 0,2%-ға төмендеді, жеке тұлғаларға берілген кредиттер көлемі 4 574,5 млрд теңгеге дейін 0,8%-ға ұлғайды.

Ұлттық валютамен берілген кредиттердің көлемі бір айда 9 409,4 млрд теңгеге дейін 0,7%-ға ұлғайды. Олардың құрылымында заңды тұлғаларға берілген кредиттер 0,4%-ға, ал жеке тұлғаларға берілген кредиттер 1,1%-ға ұлғайды. Шетел валютасымен берілген кредиттердің көлемі 3 156,8 млрд теңгеге дейін 1,4%-ға азайды, оның ішінде заңды тұлғаларға берілген кредиттер 1,1%-ға, жеке тұлғаларға берілген кредиттер 4,2%-ға азайды. Теңгемен берілген кредиттердің үлес салмағы бір айда 74,5%-дан 74,9%-ға дейін ұлғайды.

Ұзақ мерзімді кредиттердің көлемі бір айда 10 671,1 млрд тенгеге дейін 0,1%-ға азайды, ал қысқа мерзімді кредиттердің көлемі 1 895,2 млрд теңге дейін 1,8%-ға өсті.

Шағын кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу 2 716,8 млрд теңгеге дейін 0,1%-ға (экономикаға берілген кредиттердің жалпы көлемінен 21,6%) азайды.

Салалар бойынша банктердің экономикаға берген кредиттерінің ең қомақты сомасы сауда (жалпы көлемдегі үлесі – 15,5%), өнеркәсіп (15,1%), құрылыс (7,2%), ауыл шаруашылығы (5,2%) және көлік (4,5%) сияқты салаларға тиесілі.

2018 жылғы наурызда банктік емес заңды тұлғаларға ұлттық валютамен берілген кредиттер бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 12,8% (2017 жылғы желтоқсанда – 13,2%), жеке тұлғаларға – 19,6% (19,2%) болды.

Похожие материалы