Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда қызылша бағасы 8,3 пайызға өсті

Қазақстанда қызылша бағасы 8,3 пайызға өсті

Алматы. 29 мамыр. 7kun.kz - 2018 жылдың мамыр айында өткен аймен салыстырғанда қарақұмық жармасының бағасы 2,5%, ұнтақ жармасы 0,8%, бидай ұны мен вермишель 0,2%-ға төмендеді, деп хабарлайды LS.

Кеспе мен бидайдың құны 0,6%, ал рошкидің құны 0,2%-ға өсті.

Сондай-ақ, қой еті 1,1%, жылқы еті мен сиыр бауыры 1%, шұжық 0,6%, шошқа еті 0,4%, ысталған шұжық және шошқа майы 0,2%-ға өсті. Ал, тауық еті 0,9%, тауықтар 0,4%-ға арзандады.

Сүзбе мен мәйек ірімшіктің бағасы 1,4%-ға, өсімдік майы мен майонезге 0,7%-ға, қаймақ 0,5%-ға, айран 3,2%, сары май, маргариннің бағасы 0,4%-ға артты. Өз кезегінде, жұмыртқа 3,8%, шикі сүт 1,4%, 2,5% пастерленген сүттің бағасы 0,4%-ға төмендеді.

Қанттың бағасы 2,8%-ға, арақ 0,5%-ға, кәмпиттердің құны 0,3%-ға жоғарылады.

Көкөніс өнімдерінің ішінде қызылшаның бағасы көп өсті 8,3%-ға, картоп 3,3%-ға, пиязға 2,3%-ға, сәбі 2,2%-ға, қияр 27,1%-ға, қызанақ 16,5%, сарымсақ 4,9%, қырыққабат бағасы 2,9%-ға артты.

Похожие материалы