Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

АЭС құрылысы қашан басталады? Министр жауап берді

АЭС құрылысы қашан басталады? Министр жауап берді

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев елімізде алғашқы атом электр құрылысының шамамен қашан басталатынын айтты.

– Халықаралық тәжірибеге сәйкес атом электр стансасының құрылысын жобалау үш жылға дейін созылады. Үш жылдан кейін «бетон» кезеңі, яғни құрылыс жұмыстары басталады. Жалпы құрылыс жұмыстары туралы айтатын болсақ, екі жылдың ішінде құрылысқа кірісеміз. Алайда нысанның негізгі құрылысы тек техникалық-экономикалық негіздеме аяқталғаннан кейін, жобалық құжаттама дайындалып, мемлекеттік органдардан барлық қажетті рұқсат алынған соң ғана басталады, – деді Алмасадам Сәтқалиев ведомствоның кеңейтілген алқа отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында. 

Айта кетейік, кеше Үкімет алғашқы атом электр стансасын Алматы облысының Жамбыл ауданы аумағында салу туралы шешім қабылдады. 

Ұқсас материалдар