Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

АЭС құрылысын тездету қажет – Президент

АЭС құрылысын тездету қажет – Президент

 Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет пен Парламентке екінші ядролық стансаны қай аймақта салу қажеттігі жөнінде ұсыным беруді тапсырды.

Энергия тапшылығы артып келеді. Сондықтан алғашқы Атом электр стансасының құрылысын тездету қажет. Жалпы елімізде ядролық кластер құру ісін қолға алу керек. Бұл еліміздің болашақта ойдағыдай дамуына қатысты аса маңызды міндет, деді Мемлекет басшысы Үкіметтің бүгінгі кеңейтілген отырысында.

Сонымен бірге, Президент Үкіметке «Самұрық-Қазына» қорымен бірлесіп, атом саласын дамытудың ұзақ мерзімге арналған жоспарын әзірлеуді тапсырды.

 

«Нақты нәтиже керек. Жан-жақты талдау жүргізіп, атом электр стансаларын салуға барынша қолайлы жерлерді, сондай-ақ заманауи және қауіпсіз технологияларды анықтау қажет. Үкімет пен Парламент екінші ядролық стансаны қай аймақта салу қажет екені жөнінде маған ұсыныс беруі керек. Бірақ атап өткім келеді: елімізге ядролық қуат керек, онсыз Қазақстан келешекте ойдағыдай дами алмайды. Қуат дегеніміз – бүкіл экономиканың дамуы деген сөз. Екіншіден, қуат жеткілікті болса, барлық аймақтар гүлденіп, өркендей түседі, халықтың тұрмысы жақсарады. Бұл – айдан анық», – деді Мемлекет басшысы.

 

Ұқсас материалдар