Елімізде ұлттық alem.ai battle жасанды интеллект байқауына өтінім қабылдау басталды.
Байқау оқушыларды, студенттерді, стартап-командаларды және зерттеушілерді біріктіріп, AI-жобаларды дамытуға бағытталған.
Өтінімдер 2026 жылғы 22 ақпанға дейін қабылданады. Финал Астанадағы alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығында өтеді.
Байқау төрт санат бойынша ұйымдастырылады: AI Young Talents, AI Driving Power, AI Future Builders және AI Innovators. Жалпы жүлде қоры – 25 млн теңге. Финалға 20 команда өтеді, әр санаттан төрт жеңімпаз анықталады.
Жобаны Astana Hub Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің қолдауымен жүзеге асырады. Бастама Қазақстандағы AI-таланттарды жүйелі дамытуға бағытталған.





