АҚШ Қаржы министрлігі Ресей Федерациясы Орталық банкінің 11 басшысына қарсы санкция салды.
Атап айтқанда, Ресей банкінің бірінші екі орынбасарлары Дмитрий Тулин мен Владимир Чистюхинге және төрайымның орынбасары Ольга Поляковаға қарсы санкция салды, – деп хабарлайды АҚШ-тың Шетелдік активтерді бақылау басқармасы (OFAC).
Мұнымен қоса Орталық банк департаменттерінің бірнеше директорлары да санкцияға ұшырады. Олар – Алла Бакина, Елизавета Данилова, Гүлнар Хайдаршина, Михаил Ковригин, Екатерина Лозгачева, Александр Морозов, Кирилл Пронин және Богдан Шабля.
АҚШ-тың Шетелдік активтерді бақылау басқармасы 2022 жылдың қыркүйегінде Ресей Федерациясы Орталық банкінің төрағасы Эльвира Набиуллина мен оның бірінші орынбасары Ольга Скоробогатоваға қарсы санкциялар салған еді.
Айта кету керек, АҚШ санкциялар тізіміне 50-ден астам ресейлік банкті, соның ішінде Газпромбанк, ДОМ.РФ банкі және БКС банкін де енгізді.
Сонымен қатар, санкциялар тізіміне: Росдорбанк, Меткомбанк, Синара банк, Траст негізсіз активтер банкі, ЦентроКредит Банк, «Хлынов» банк, Фора банк, Ұлттық резервтік банк, Акибанк, «Акцепт» банкі, Гута банк, Углеметбанк, Орал ФД банк, Роял кредит банк, Севергазбанк, Экси-банк, «Раунд» банк, «Держава», тағы басқа банктер ілікті.