Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

АҚШ Сауда комиссиясы Meta компаниясынан Instagram мен WhatsApp-ты сатуды талап етуде

АҚШ Сауда комиссиясы Meta компаниясынан Instagram мен WhatsApp-ты сатуды талап етуде
Meta-ның бас директоры Марк Цукерберг Вашингтондағы сот отырысында монополия бойынша айыптарға қарсы шықты.

Бұл туралы Коммерсантъ Reuters агенттігіне сілтеме жасап хабарлады.

АҚШ-тың Федералды сауда комиссиясы (FTC) мәліметінше, компания Instagram мен WhatsApp-ты сатып алуға миллиардтаған доллар жұмсап, Facebook-тың әлеуетті бәсекелестерін бейтараптандыруды көздеген. Цукерберг болса, бұл айыптарды жоққа шығарып, достар және отбасы мүшелерімен ақпарат алмасу қосымшаның тек бір басымдығы екенін атап өтті.

FTC Meta компаниясын қайта құрылымдауды немесе Instagram мен WhatsApp-ты сатуды талап етуде. Сарапшылардың болжауынша, Instagram-ды жоғалту компанияның кірісіне айтарлықтай зиян келтіруі мүмкін. Emarketer зерттеу компаниясының болжамына сәйкес, 2025 жылы Instagram жарнамадан 37 миллиард доллар табыс әкеледі деп күтілуде, бұл Meta компаниясының жарнамадан түскен табысының жартысын құрайды.

Ұқсас материалдар