Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Ақтау маңындағы ұшақ апаты: РФ Тергеу комитеті сараптама тағайындады

Ақтау маңындағы ұшақ апаты: РФ Тергеу комитеті сараптама тағайындады

 РФ Тергеу комитетінің мәліметінше, диспетчерлік қызмет, әуе қозғалысын ұйымдастыру жүйесі және әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесі лауазымды тұлғаларының әрекетін бағалау үшін кешенді ұйымдастыру-техникалық сот-медициналық сараптама комиссиясы тағайындалды. 

– Ресейдің Тергеу комитеті 2024 жылғы 25 желтоқсанда Қазақстан Республикасының аумағында 39 адамның қаза болуына және 28 адамның денсаулығына зиян келтірілуіне (РФ ҚК 263-бабы) әкелген «Әзербайжан әуе желілері» әуе компаниясының Embraer-E190 ұшағының апатқа ұшырауы бойынша қылмыстық істі тергеу амалдарын жалғастырып отыр, – делінген РФ ТК ресми өкілі С. Петренконың мәлімдемесінде.

Атап көрсетілгендей, тергеу Әзербайжан Республикасы мен Қазақстан Республикасының құзырлы органдарымен әрекеттестік орнатқан. Мемлекетаралық авиация комитетінің мамандарымен бірлесе отырып Бразилияның авиациялық оқиғаларды тергеу және алдын алу орталығында (SENIPA) ұшақтың өздігінен жазғыш құралындағы деректер зерттелу үстінде.

Грозный, Махачкала және Минеральные воды диспетчерлері мен әуе кемесінің командирі арасындағы әңгімелер талданып жатыр. Кешенді авиациялық-техникалық сараптама тағайындалды. Әуе кемесінің барлық жүйелерінің жағдайы, сондай-ақ заттай айғақтар зерттеліп жатыр.

Тергеу қайғылы оқиғаның себептеріне қатысты барлық ықтимал нұсқаларды қарастырады.

Айта кетейік, 25 желтоқсанда Ақтау қаласына жақын жерде AZAL-ға тиесілі және Баку-Грозный рейсін орындаған жолаушылар ұшағы апатқа ұшыраған болатын. Ұшақ бортындағы 67 адамның 38-і қаза тауып, 29-ы аман қалды. 

Ұқсас материалдар