Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Алағашқы АЭС атауына байқау жарияланды

Алағашқы АЭС атауына байқау жарияланды

Қазақстанда салынып жатқан алғашқы атом электр станциясына атау беру бойынша жалпыұлттық конкурс басталды.

Бұл туралы Атом энергиясы жөніндегі агенттіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Азаматтар 25 қыркүйектен 10 қазанға дейін eGov Mobile қосымшасы арқылы өз нұсқаларын ұсына алады. Ұсыныстарды қоғам өкілдері, креативті индустрия мамандары, сондай-ақ атом энергетикасы, филология және тарих саласындағы сарапшылардан құралған комиссия қарастырады.

Конкурс кезеңдері:

  • 25 қыркүйек – 10 қазан – ұсыныстарды қабылдау;

  • 11-20 қазан – ұсыныстарды талдау;

  • Қазан айының соңына дейін – үздік атауды таңдау.

Конкурс нәтижесі ашық түрде жарияланып, АЭС-тің атауы қазан айының соңында белгілі болады.

Конкурс ережелері мен жаңалықтар Атом энергиясы жөніндегі агенттіктің ресми сайтында және Telegram арнасында жарияланады.

Ұқсас материалдар