Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Алатау қаласына арнайы мәртебе берілмек

Алатау қаласына арнайы мәртебе берілмек

Ұлттық экономика министрлігі «Алатау қаласының арнайы мәртебесі туралы» конституциялық заң жобасын әзірледі.

Құжат Алатау қаласын басқарудың жаңа құқықтық режимін енгізуге бағытталған.

Заң жобасы қаланы цифрландыру, инновациялық технологияларды дамыту, халықаралық стандарттарға сай басқару жүйесін құру және инвестициялық тартымдылықты күшейтуді көздейді.

Министрлік мәліметінше, арнайы мәртебе Алатауды халықаралық деңгейдегі экономикалық, технологиялық және инвестициялық орталық ретінде дамытуға жағдай жасап, жеке инвестицияларды қорғауды және «ақылды қала» моделін енгізуді қамтамасыз етеді.

Толық мәлімет Ашық НҚА порталында қолжетімді.

Ұқсас материалдар