Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Әлихан Бөкейханов туралы толықметражды фильм түсіріледі

Әлихан Бөкейханов туралы толықметражды фильм түсіріледі

Елімізде «Алаш» көсемі Әлихан Бөкейханов туралы толықметражды көркем фильм түсіріледі. Бұл туралы белгілі режиссер Мұрат Бидосов хабарлады.

«Әлихан» толықметражды фильмі! Бұған дейін «Тар заман» тарихи сериалын түсіргеніміз көрерменнің есінде болар. Осы сериалды қолға алған кезде көптеген тарихи деректер мен мағұлыматтар жинадық. Шыны керек, бұл деректер біраз фильмге азық боларлық дүниелер екенін сол кездің өзінде аңғарған болатынбыз.  Енді  «Әлихан» толықметражды фильмінің сценарийін жазып бітіріп, түсірілімге дайындық жұмысына қызу кірісіп кеттік. Жобаға кәсіби тарихшылар тартылып,олардың талғам-таразысынан, сүзгісінен өтті. Осы картинаны жүзеге асыруға аянбай қол ұшын созған азаматтарға мың алғыс!»—деп жазды режиссер.

Айта кетейік, бұған дейін Әлихан Бөкейханов туралы «Алаш туралы сөз», «Алашорда» деректі фильмдері түсірілген. Ал көркем фильм тұңғыш рет жарыққа шығады.

Ал режиссер, продюсер Мұрат Бидосов «Тар заман», «Кейкі» және «Абай» туындыларының түсірілімне жетекшілік еткен.

Ұқсас материалдар