Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Алматы облысында аудандық білім бөлімінің басшысы мен 7 бухгалтер сотталып кетті

Алматы облысында аудандық білім бөлімінің басшысы мен 7 бухгалтер сотталып кетті

Алматы облысында аудандық білім бөлімінің басшысы мен 7 бухгалтер сотталып кетті. Бұл туралы Антикор мәлім етті.

Іле аудандық соты аудандық білім бөлімінің басшысы Л.Каткееваға және осы бөлімнің 7 бухгалтеріне қатысты үкім шығарды.

Олар білім беру саласында нақты еңбек қызметін жүзеге асырмаған адамдарға жалақы аудару арқылы 686 млн теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.

Сонымен қатар, ол лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланып, өзінің жүргізушісін ведомстволық бағынысты мектеп-гимназияға жалпы сомасы 4,9 млн теңге жалақы заңсыз төленген кәсіптік бағдар беруші лауазымына жалған жұмысқа орналастырған.

«Каткеева мемлекеттік қызметте қызмет атқаруға өмір бойына тыйым сала отырып, 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Бухгалтерлерге мемлекеттік қызметте 10 жыл қызмет атқаруға тыйым салынып, 7 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сот актісі заңды күшіне енген жоқ», – делінген Антикор таратқан хабарламада.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

Ұқсас материалдар