Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Алматы облысының экс-әкімі өмірден өтті

Алматы облысының экс-әкімі өмірден өтті

Алматы облысының бұрынғы әкімі Мұсаханов Аңсар Тұрсынханұлы дүниеден озды. Суыт хабарды Сенат депутаты Жанболат Жөргенбаев әлеуметтік желіде хабарлады. 

Аңсар Тұрсынханұлы 1966 жылы Алматы облысы, Күрті ауданында дүниеге келген. Алматы мал дәрігерлік институтын, Қазақ ұлттық аграрлық университетін бітірген, мамандығы бойынша мал дәрігері, мемлекеттік және жергілікті басқару менеджері. Ауыл шаруашылығы ғылымының кандидаты.

Еңбек жолын Күрті ауданындағы «Құйған» совхозында жұмысшы болып бастады. Жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін әр жылдары «КСРО-ның 60 жылдығы» атындағы кеңшарда мал дәрігері, Күрті ауданының бас мал дәрігері, Жамбыл ауданы Ұзынағаш станциясы мал учаскесінің меңгерушісі, Теміржол ауылдық округінің әкімі, Ақсеңгір тәжірибелік шаруашылығының директоры, «Қазыбек бек» ЖШС директоры болып жұмыс істеді. Алматы облысының мемлекеттік басқару органдарында басшы лауазымдарда қызмет атқарды. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Қарасай аудандық аумақтық басқармасының бастығы, Іле ауданы әкімінің орынбасары, Жамбыл және Қарасай аудандарының әкімі, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы, 2011-2014 жылдары Алматы облысы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды. ҚР Парламенті сенатының депутаты болды. 

БАҚ-ның хабарлауынша Аңсар Мұсаханов ұзаққа созылған науқастан көз жұмған. 

Ұқсас материалдар