Жаңалықтар
Алматыда 2024 жылы экологиялық қоғамдық көліктің үлесі 70%-ға дейін ұлғаяды
Биыл жергілікті бюджет есебінен газбен жүретін 600 автобус, 100 электробус және 112 троллейбус сатып алуға тапсырыс орналастырылды.
Жеке автопарктер осы жылдың бірінші жартыжылдығында газбен жүретін 150 автобус пен 15 электробус сатып алды.
Осылайша, 2024 жылы экологиялық таза қоғамдық көліктің үлесі 53,7%-дан 70%-ға дейін ұлғаяды, орташа пайдалану мерзімі 3 жылдан 2,5 жылға дейін қысқарады.