Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Алматыда 31 инвесторға салық негізсіз салынған

Алматыда 31 инвесторға салық негізсіз салынған

Алматы қаласының прокуратурасы инвесторлардың жүйелі проблемаларын шешуде тұрақты жұмыс жүргізіп жатыр.

 Бұл туралы қалалық прокуратура хабарлады.

Осы қызмет аясында Алматы қаласындағы индустриялық аймақтың 31 қатысушысына (4,5 мың жұмыс орнын құру перспективасы көзделген 188,1 миллиард теңгенің жобаларын іске асыратын) жер телімдерін пайдаланғаны үшін 103 миллион теңге салық төлемдерінің негізсіз есептелгені анықталды.

«Мемлекеттік кіріс органдары салық кодексінің талаптарын және инвесторлардың индустриялық аймақтың басқарушы компаниясымен шарттарында көрсетілген талаптарды ескермеген, оларға сәйкес жер және мүлік салығының сомасы (оның ішінде жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемдер) 100 % азаяды», – делінген хабарламада.

Алатау ауданы прокуратурасының қадағалау актісімен инвесторларға негізсіз төлеген ақшасы қайтарылды.

 

Ұқсас материалдар