Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Алматыда ақылды көлік жүйесі кезең-кезеңімен енгізіліп жатыр

Алматыда ақылды көлік жүйесі кезең-кезеңімен енгізіліп жатыр

Алматыда цифрландыруды дамыту және жасанды интеллект технологияларын енгізу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

2026 жыл Қазақстанда ресми түрде Цифрландыру және жасанды интеллект жылы болып жарияланды, деп хабарлайды қала әкімдігі.

Алматы қаласы Цифрландыру басқармасы басшысының орынбасары Мейрам Дүйсекеевтің айтуынша, бұл бағыттағы негізгі басымдықтар Smart City Алматының 2026-2030 жылдарға арналған даму стратегиясында және әкімдіктің цифрлық трансформация жол картасында белгіленген.

Осы бастамалар аясында интеллектуалды көлік жүйесін дамытуға ерекше көңіл бөлініп отыр. Қазіргі таңда қаладағы қоғамдық көліктер толықтай бейнебақылау камераларымен және GPS жүйелерімен жабдықталған. Жолақыны төлеу үшін ONAY бірыңғай электронды жүйесі қолданылады.

Алдағы уақытта жолаушыларға жолақыны банктік карталармен қатар Apple Pay және Samsung Pay секілді электронды төлем сервистері арқылы төлеу мүмкіндігі ұсынылмақ.

Ұқсас материалдар