Алматыда Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті ірі сауда желілеріне жоспардан тыс тексеру жүргізді.
Нәтижесінде 420-дан астам кәсіпкерді әкімшілік жауапкершілікке тартты. Себебі, әлеуметтік маңызы бар азық-түлікке рұқсат етілген 15% шекті сауда үстемесін негізсіз көтеру.
32 млн теңгеден астам айыппұл салынған. Заң бұзушылықтар Small, Toimart, Galmart, JLC, А-стор, My Mart, Беккер, Carefood, сондай-ақ Food Beverage Trading, Airba Fresh, Good Luck Trade, Mix Market Trade сияқты компанияларда анықталған.
«Метро» сауда желісі мұндай тәртіп бұзушылық үшін алғаш рет емес жауапкершілікке тартылып отыр. 2024 жылы да компания сотқа жүгінгенімен, Жоғарғы сот оның шағымын қанағаттандырмаған.
Сонымен қатар, SMALL сауда желісі департамент қызметкерлерінің жұмысына кедергі келтіргені үшін де жеке бап бойынша әкімшілік жаза алды.
Қалада үй жанындағы дүкендердегі бағаны негізсіз өсірген кәсіпкерлерді анықтау бойынша жұмыстар жалғасып жатыр.





