Шараға жетекші қытай корпорацияларының, отандық бизнес өкілдерінің, мемлекеттік құрылымдар мен даму институттарының басшылары жиналады. Жиын барысында қазақ, қытай, ағылшын және орыс тілдерінде мазмұнды пікірталастар өтеді.
Бұл форум елдер арасындағы экономикалық көрсеткіштердің рекордтық өсім кезеңіне тұспа-тұс келіп отыр. Мәселен, былтыр екі мемлекет арасындағы тауар айналымы 48,7 миллиард долларға жетсе, Қытайдан тартылған тікелей инвестициялар көлемі тарихи рекорд орнатып, 2,8 миллиард долларды құрады.
Жиын аясында жалпы саны 45-ке жуық коммерциялық құжат алмасады, көрме экспозициясы мен B2B Matchmaking форматтағы кездесулер ұйымдастырылады. Маңызды жобалар қатарында автомобиль өндірісін локализациялау (OMODA, JAECOO, Li Auto бренділері), Құрық порты мен «Қорғас» шекара маңындағы «ақылды» логистикалық парк, сондай-ақ Xinfa көмірхимия кешені бар.
Ерекше назар аударарлық жобалардың бірі – UBTECH компаниясының Қытайдан тыс аумақтағы алғашқы гуманоид роботтар зауытын Қазақстанда салуы.
Бұдан бөлек, BeOne мен INKAR компанияларының бірлесуімен онкологиялық препараттарды локализациялау жұмыстары қолға алынады. Бұл бастамалар отандық фармацевтика мен жоғары технологиялар нарығының сапалы жаңа деңгейге көтерілуіне жол ашады.
Ұқсас материалдар
Жаңалықтар
Экономика
АДБ 2026 жылы Қазақстандағы инвестиция 8%-ға өседі деп күтеді
- 24 сентября, 2026
Көп оқылғандар
Жаңалықтар
Экономика
АДБ 2026 жылы Қазақстандағы инвестиция 8%-ға өседі деп күтеді
- 24 сентября, 2026





