Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Алматыда мемлекет қажеттілігіне 30-дан астам жер телімі алынады

Алматыда мемлекет қажеттілігіне 30-дан астам жер телімі алынады
Алматыда мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қою рәсімін бастау туралы қала әкімдігінің қаулысы шықты. 

Алматы қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 30 шілдедегі № 3/470-1105 қаулысы және Алматы қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 30 шілдедегі № 3/470-1106 қаулысы «Алматы ақшамы» газетінде жарияланған.

Бірінші қаулы бойынша Бостандық ауданы, Жандосов көшесінің солтүстігінде, Вахтангов көшесінің шығысында орналасқан 34 жер учаскесі аумақты абаттандыру және көгалдандыру үшін мемлекет мұқтажына алынбақ. Мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі 2028 жылдың 31 желтоқсанына дейін белгіленген. Жер телімдерінің меншік иелеріне Алматы қаласы жер қатынастары басқармасы заңнамамен белгіленген тәртіпте өтемақы төлеуді қамтамасыз етеді. Учаскелер толық алынғаннан кейін Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің аппаратының теңгеріміне беріледі.

Ал екінші қаулыда ортақ пайдалану нысаны, атап айтқанда стадион үшін Медеу ауданы, Құлжа тас жолының оңтүстігінде орналасқан 2 жер учаскесі мемлекет мұқтажы үшін алынатыны көрсетілген. Мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі 2027 жылдың 31 желтоқсанына дейін белгіленген. Мұнда да меншік иелеріне Алматы қаласы жер қатынастары басқармасы өтемақы төлеуді қамтамасыз етеді, ал алынған жер телімдері Алматы қаласының құрылыс басқармасына беріледі.

Ұқсас материалдар