Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Алматыда «Жарқын күз» науқаны басталады

Алматыда «Жарқын күз» науқаны басталады

Алматыда «Таза Қазақстан» жалпы республикалық бағдарламасы және «Алматы – біздің ортақ үйіміз» қалалық науқаны аясында қала тұрғындары арасында экологиялық мәдениетті арттыруға бағытталған «Жарқын күз» науқаны басталады. Алдағы күндері қаланы күзгі-қысқы кезеңге дайындауға ерекше назар аударылатын болады.

18-24 қазан аралығында Алматыда қала көшелерінде, аулаларда, қоғамдық кеңістіктерде және жол инфрақұрылымының бойында ағаштарды санитарлық өңдеу, құлаған жапырақтар мен қоқыстарды жинау бойынша ауқымды жұмыстар жоспарланған. Сондай-ақ, Кіші Алматы, Есентай, Үлкен Алматы, Қарғалы, Боралдай, Жарбұлақ, Тіксай және Үлкен Алматы каналы сынды өзендер мен сулардың жағалауларын- қоқыстан тазарту жоспарлануда.

фото Адиль Садыков

Қалалық коммуналдық қызметтер мен мердігерлік ұйымдар жалпы ұзындығы 1 525 км арық желілерін тазарту бойынша жұмысты күшейтеді, бұл арықтардың бітеліп қалуының алдын алуға және жаңбыр суын тиімді бұруға ықпал етеді. Тазалау процесіне 1 мыңнан астам арнайы техника мен 1,4 мың жол жұмысшысы тартылатын болады, олар 5 мыңнан астам аула учаскелерін, жүру бөліктері мен тротуарларды ретке келтіреді.

Айта кетейік, қоршаған ортаны қалдықтармен, соның ішінде қатты тұрмыстық қалдықтармен ластау мәселесі мегаполис үшін өзекті болып қала береді. Тек арық желілерінен коммуналдық қызмет қызметкерлері күн сайын 250 м3 қоқыс жинайды.

фото Адиль Садыков

Қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ағаштар мен үлкен бұтақтардың құлау қаупін азайту мақсатында 3,7 мың ағашты санитарлық кесу жүргізіледі, сондай-ақ 460 апатты ағаш алынып тасталады.

Сонымен қатар, науқан барысында 1 454 контейнерлік алаңды санитарлық өңдеу және 32 мыңнан астам көше және аула урналарын тазалау жүргізіледі. Қажет болған жағдайда контейнерлер жөнделеді және сырланады.

Естеріңізге сала кетейік, «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны қалалық инфрақұрылымға деген қамқорлықты дамытуға және қала тұрғындары арасында жаңа экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған.

фото Адиль Садыков



Ұқсас материалдар