Алматыда 7-11 қазан аралығында нысандарды орталықтандырылған жылытуға кезең-кезеңімен қосу басталады, деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметі.
Әкімдіктің ақпаратына қарағанда әуелі жылу балабақшалар, мектептер және медициналық мекемелер сияқты әлеуметтік нысандарға беріледі. Кейін басқа ғимараттар қамтылады.

Әдетте жылу маусымы егер бес күн қатарынан температура +8 градусқа дейін төмендесе, 15 қазанда басталады. Былтыр жылу 10 қазанда беріле бастаған.
ҚР Энергетика министрлігінің хабарлауынша Шығыс Қазақстан, Павлодар, Ақмола облыстары мен Астана қаласында жылу беру маусымы қыркүйектің соңында басталып кетті. Ал 1 қазаннан бастап жылыту маусымы Абай, Ақтөбе және Қарағанды облыстарында беріле бастады.