Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Алматыға қытайлық Y-9E әскери-көліктік ұшағы жеткізілді

Алматыға қытайлық Y-9E әскери-көліктік ұшағы жеткізілді

Фото: ҚР Қорғаныс министрлігі 

Алматыға Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің әскери-көлік авиациясы паркін толықтырған Y-9E әскери-көліктік ұшағы келіп қонды, деп  хабарлады ҚР Қорғаныс министрілігінің баспасөз қызметі. 

Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек ұшақты жеткізу авиациялық паркті жоспарлы жаңарту аясында жүзеге асырылып отыр. 

Айта кетейік, жеке құрамды, әскери техникаҚорғаныс мен жүктерді тасымалдау, әртүрлі ауа райы жағдайларында адамдар мен жүктерді десанттауға арналған Y-9E ұшақтары қытайлық Shaanxi Aircraft Corporation шығаратын Shaanxi Y-9 ұшағының экспорттық модификациясы. Ол Y-8 ұшағының ұзартылған нұсқасының (түпнұсқа Ан-12) базасында жасалған. 

20–25 тоннаға дейін  немесе 98 десантшыға дейін тасымалдай алатын, ұшақтың ұзындығы шамамен 36 м, қанатының құлашы 38 м, ең жоғары ұшу салмағы 65 тонна. 
Ұшу жылдамдығы 660 км/сағ дейін, ұшу қашықтығы 5200 км-ге дейін. 


Ұқсас материалдар