Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Алматыға «World Craft City» мәртебесі берілді

Алматыға «World Craft City» мәртебесі берілді

Алматы қаласына Дүниежүзілік қолөнершілер кеңесінің (World Crafts Council) шешімімен «World Craft City» – дүниежүзілік қолөнер қаласы мәртебесі ресми түрде табысталды.

Салтанатты рәсім Алматыда өтіп жатқан ALA CRAFT 2025 халықаралық фестивалі аясында ұйымдастырылды. Іс-шараға Қазақстаннан және шет елдерден – Азия, Еуропа, Австралия мен АҚШ-тан 100-ден астам қолөнер шебері қатысты.

Мәртебе Алматының мәдени мұраны сақтау, қолөнерді дамыту және креативті экономиканы қолдау саласындағы жетістіктерін ескере отырып берілген.

«Алматыға World Craft City мәртебесінің берілуі – қаламыз үшін үлкен жетістік. Бұл – Алматының креативті индустрия мен мәдени туризм орталығы ретіндегі халықаралық беделін арттырады. Сонымен қатар жергілікті қолөнерді әлемге танытуға, білім беру бағдарламаларын дамытуға және тұрақты шығармашылық экожүйе құруға жол ашады», – деді Алматы қаласы Туризм басқармасының басшысы Ғалия Тоқсейітова.

World Craft City мәртебесі Алматыны әлемдік қолөнершілер қауымдастығының маңызды орталықтарының біріне айналдырады. Бұл мәртебе арқылы қалада жаңа жобалар, халықаралық серіктестіктер мен туризм саласында тың бастамалар қолға алынбақ.

Ұқсас материалдар