Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматының айырбастау пункттерінде доллар бағамы 251/253 теңге көлемінде тұрақталды

Алматының айырбастау пункттерінде доллар бағамы 251/253 теңге көлемінде тұрақталды

Алматыдағы айырбастау пункттері долларға қатысты теңге бағамын нақтылады, бірақ жағдайдың ары қарай қалай өрбитіндігіне сенімді емес.

Айырбастау пункттерінің жүйесі "Мигте" долларды 251 теңгеге сатып алып, 253 теңгеге сатып жатыр. "Қазір долларға қатысты бағам 252-253 теңге бағамында. Ол нақтыланған тәрізді, бірақ ары қарай не болатындығын білмейміз",-деді "Миг" айырбастау пункттері жүйесінің қызметкері. Еліміздің басқа қалаларындағы айырбастау бөлімдерінде долларды сатып алу және сату бағамы 251-253 теңге көлемінде деп айналуда. Пункттерде кезек байқалмайды, бірақ айырбастау пункттері қызметкерлерінің айтуынша ұлттық валютаны жиі сатып жатыр. "Дүрбелең жоқ, курс қалпына келді. Бірақ адамдар валютаны сатып жатыр", - деді Limpopo айырбастау пункттерінің қызметкерлері. Бірақ айырбастау бөлімшелерінің ешқайсысы да бағамның ары қарай өрбитіндігін білмейді. Айта кетейік, бүгінгі брифинг кезінде Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов теңгенің қалыпты айырбастау курсы 5-7 күн ішінде белгілі болады деп мәлімдеді.

Похожие материалы