
15 қыркүйекте Comex биржасындағы сауда кезінде алтын бағасы жаңа тарихи рекорд орнатты.
Желтоқсан айындағы фьючерстер бойынша бір унция алтынның құны 3722,4 АҚШ долларына дейін көтерілді.
Келесі күні, 16 қыркүйекте, алтын бағасы сәл төмендеп, 3682 доллар деңгейінде тұрақтады.
Trading Economics басылымының мәліметінше, алтын бағасының қымбаттауына бірнеше фактор әсер етті:
- АҚШ долларының әлсіреуі;
- Америкалық мемлекеттік облигациялар кірістілігінің төмендеуі;
- Инвесторлардың АҚШ Федералдық резерв жүйесінің (ФРЖ) алдағы шешімдеріне байланысты күтулері.
«Сарапшылар ФРЖ 17–18 қыркүйекте өтетін отырыстан кейін, желтоқсаннан бері алғаш рет пайыздық мөлшерлемелерді төмендетуі мүмкін деп болжайды», – делінген хабарламада.
CME FedWatch қызметінің деректері бойынша, нарық қатысушыларының 96,1%-ы қыркүйек айында ФРЖ мөлшерлемесін 25 базистік пунктке төмендетеді деп есептейді. Ал 3,9%-ы бірден 50 базистік пунктке төмендейді деген болжамда.
Алтын бағасы биыл күрт өсті
2024 жылы алтын бағасы 27%-ға, ал жыл басынан бері 35%-ға қымбаттаған. Бұл өсімге мыналар әсер етті:
- Әлемдік орталық банктердің алтын қорын арттыруы;
- Ақша-несие саясатының жұмсаруы;
- Геосаяси және экономикалық тұрақсыздық.
Сарапшылардың айтуынша, алтын нарықтағы белгісіздік кезеңінде инвесторлар үшін сенімді актив болып қала береді.