Директорлар кеңесінің шешімімен 22 шілдеден бастап «ҚазТрансОйл» АҚ-ның бас директоры болып Арман Қасенов тағайындалды, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
Бұған дейін Касенов «ҚазТрансГаз» АҚ маркетинг жөніндегі басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарған.
Сонымен қатар, директорлар кеңесінің шешімімен 22 шілдеден бастап Талғат Құрманбаевтың бас директор (басқарма төрағасы) ретінде өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды. Өз өтінішімен 2024 жылдың 22 шілдесінен бастап Құрманбаев директорлар кеңесі құрамынан шығарылды.
Қасенов әр жылдары «КазТрансГаз Өнімдері» ЖШС бас директоры – басқарма төрағасы, «ҚазТрансГаз» АҚ корпоративтік даму жөніндегі бас директордың орынбасары, корпоративтік даму жөніндегі басқарушы директор, бюджеттік жоспарлау және экономикалық талдау департаментінің директоры, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің «ҚазСуШар» РМК бас директоры қызметтерін атқарған.
Енгізілген өзгерістерді ескере отырып, «ҚазТрансГаз» басқармасы құрамына бас директор (басқарма төрағасы) Арман Қасенов, өндіріс жөніндегі бас директордың орынбасары Темірхан Әбдіров, тасымалдау жөніндегі бас директордың орынбасары Эрик Сагиев, экономика және қаржы жөніндегі бас директордың орынбасары Әміржан Оспанов, корпоративтік басқару жөніндегі бас директордың орынбасары Алмас Ұңғарсынов, әлеуметтік-еңбек қатынастары және жалпы мәселелер жөніндегі басқарушы директор Ғазиз Қошанов, құқықтық мәселелер жөніндегі басқарушы директор Жайдарман Исаков кіреді.
«КазТрансОйл» директорлар кеңесі құрамына директорлар кеңесінің төрағасы, «ҚазМұнайГаз» АҚ (ҚМГ) өкілі Болат Закиров, директорлар кеңесінің мүшелері – ҚМГ өкілі Ардақ Қасымбек, тәуелсіз директор Қазбек Құсайынов, тәуелсіз директор Адриан Фрейсине, тәуелсіз директор Миллер Тимоти Глен кіреді.
«КазТрансОйл» – «ҚазМұнайГаз» АҚ тобына кіреді, 5,4 мың км ұзындықтағы магистральдық мұнай құбырларының әртараптандырылған желісіне ие ұлттық оператор.