Познавательный
Астанада мыңнан астам адам КО елдерінен алған көліктерін тіркей алмады
ҚР ІІМ автокөлік құралдарын есептен шығару туралы қосымша құжаттарды автоХҚО-ға ұсыну және Кедендік одақ елдерінен әкелінген автокөліктің сәйкестік сертификатының болуы туралы талаптарды негізсіз енгізгеніне байланысты Астанада мыңнан астам адам өз көліктерін тіркеуге тұрғыза алмаған. Бұл жайлы Астана қаласы бойынша ҚР Мемлекет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің жетекшісі Дулат Азбергенов хабарлады деп мәлімет береді Қазақпарат.
«БАҚ мониторингі және жоспардан тыс өткізілген тексеру нәтижесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті басшылығының шешімімен автокөлік құралын есептен шығару туралы қосымша құжаттар ұсыну бойынша және КО елдерінен әкелінген автокөліктің сәйкестік сертификатының болуы туралы негізсіз талап етілгендігі анықталды. Нәтижесінде тек Астана қаласында 1000 астам азамат өз көліктерін тіркей алмаған», - деді Дулат Азбергенов Астананың мемлекеттік органдары көрсететін қызметтер сапасына қатысты өткізілген семинар-мәжіліс барысында.
Ол қазіргі уақытта ішкі істер органдары бұл талаптарды жойғандығын және автокөлік тіркелуі бұрыңғыша жалпыға бірдей стандарттармен жүзеге асырылатындығын айта кетті.
Ақпарат көзі: Zakon.kz