Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Астанада 14 млрд теңгеге геологиялық зерттеу орталығы салынады

Астанада 14 млрд теңгеге геологиялық зерттеу орталығы салынады

Астанада геологиялық зерттеулерге арналған жаңа заманауи зертханалық кешен салынады.

Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Иран Шархан Үкімет отырысында мәлімдеді.

Вице-министрдің айтуынша, жоба «Ұлттық геологиялық қызмет» базасында жүзеге асырылады және ол ғылыми-технологиялық орталық ретінде қызмет атқаратын болады. Кешен құрамында зертханамен қатар қор сақтау және керноқойма ғимараттары қарастырылған.

«Геологиялық талдау сапасын арттыру мақсатында жаңа зертханалық кешен құрылып, елімізде бірыңғай геологиялық деректер базасын қалыптастыруға мүмкіндік береді», – деді Иран Шархан.

Жобаны жүзеге асыру үшін Астана қаласынан 4 гектар жер учаскесі бөлінген. Құрылыс жұмыстарының жалпы құны – 14 миллиард теңге. Зертханалық кешенді 2028 жылдың желтоқсан айында іске қосу жоспарланып отыр.

Ұқсас материалдар