Жоғары аудиторлық палатаның нұсқамаларын орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін 18 лауазымды тұлға мен 4 мемлекеттік орган әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Жауапқа тартылғандар арасында Ұлытау облысы, Түркістан қаласы және Жаңаарқа ауданы әкімдерінің орынбасарлары, сондай-ақ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасының міндетін атқарушы бар.
Сонымен қатар «Семей» ӘКК қызметкерлері, бірнеше облыстық басқарма мен министрлік өкілдеріне әкімшілік шара қолданылды.
Әкімшілік жауапқа тартылған органдар қатарында Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті, Су ресурстарын реттеу комитеті, Автомобиль жолдары комитеті және Қызылорда облысы әкімінің аппараты бар.
Палата мәліметінше, Жезқазған, Сәтбаев қалалары мен Ұлытау ауданы әкімдіктеріне қатысты нұсқамаларды орындамау деректері бойынша сотқа талап қою бастамасы көтерілген.





