Алматы. 6 маусым. 7kun.kz - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысында транзиттік тасымал тұрғысынан Қазақстанның мүмкіндіктері туралы әңгімелеп берді. Бұл туралы LS жазды.
Президент Еуразиялық мультимодальды көліктік және транзиттік хабтың құрылуын атап өтті.
«Соңғы 10 жылда Қазақстандағы инфрақұрылымдық бағдарламаны жүзеге асырып, 3 мың шақырым теміржол және 6,5 мың шақырым жол салынды. Ал 2020 жылға қарай транзитпен жыл сайынғы кіріс 5 млрд долларға жетеді деп есептейміз», - деді ол.
Назарбаев, сондай-ақ, Қытаймен шекарада логистикалық хабтар, елдің батысында теңіз порттары, сондай-ақ Тынық мұхит жағалауында қытайлық Ляньюньганта терминал салынғанын атап өтті.
«Осының бәрі елдегі жүк айналымын 2,5 есеге, транзиттік жүк ағыны 1,5 есеге, контейнерлік тасымалдау жыл сайын екі есе артты. 2020 жылға қарай транзиттік жолаушылар саны 1,6 млн-ға дейін өседі», - деді президент.