Алматы. 31 мамыр. 7kun.kz - 2018 жылдың мамыр айында Қазақстандағы күнкөріс минимумы 26,4 мың теңгеден асты, деп хабарлайды LS.
Статистика комитетінің мәліметі бойынша, бұл көрсеткіш бір айдың ішінде 0,5%-ға (129 теңгеге), ал жыл басынан бері 3,4%-ға өскен.
Айта кетейік, күнкөріс минимумында азық-түлік тауарларына 14,5 мың теңге, азық-түлікке жатпайтын тауарлар мен ақылы қызметтерге 11,9 мың теңгеден астам қаржы бөлінген.
Ең жоғарғы күнкөріс деңгейі Маңғыстау облысында (32,3 мың теңге), Астана (30,5 мың теңге) және Алматыда (29,9 мың теңге), ал ең төменгі көрсеткіш Павлодар облысы (23,5 мың теңге) мен СҚО-ында (23,9 мың теңге) тіркелді.