Экономика
БҒМ түлектерінің жұмысқа орналасу көрсеткіші төмен жоғары оқу орындарына қатаң шара қолданады - Сағадиев
Алматы. 29 тамыз. 7kun.kz - Білім және ғылым министрлігі бітіруші түлектерінің жұмысқа орналасу көрсеткіші төмен жоғары оқу орындарына қатаң шара қолданады. Бұл туралы бүгін Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев айтты, деп хабарлайды ortcom.kz.
«Мемлекет басшысы білім гранттарын теңдессіз көлемде - өткен жылы 10 мыңға, биыл тағы 20 мыңға көбейтті. Баршамыздың атымыздан Нұрсұлтан Әбішұлына шексіз алғыс айтуға рұқсат етіңіздер. Бізге үлкен сенім білдірді, сондықтан ЖОО-ның сапа үшін жауапкершілігі №1 орында. Біз оны қалай шешеміз? Бірінші, рейтинг базасында, түлектердің жұмыспен қамтылуы негізінде министрлік түлектері жұмыспен аз қамтылған мамандықтар бойынша ЖОО-ның лицензияларын қайтарып алады. Биыл 17 лицензияны кері қайтардық. Жұмыс күшейеді. Бұл жоғары оқу орындарының негізгі бағыт бойынша салалануына әкеледі. Жақсы білім беретін бағыт бойынша оқыта берсін. Ал диплом сұранысқа ие болмаса, ол бойынша білім берудің қажеті жоқ», - деді білім министрі.