Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Әрбір реформа экологиялық жауапкершілікпен жүзеге асуы тиіс – Азаматхан Әміртай

 Әрбір реформа экологиялық жауапкершілікпен жүзеге асуы тиіс – Азаматхан Әміртай

2025 жылғы 13 қыркүйекте Алматы қаласында «Байтақ» жасылдар партиясының төрағасы Азаматхан Сайлауұлы БАҚ өкілдері мен жастардың қатысуымен дөңгелек үстел өткізді.

Кездесуде Президент Қасым-Жомарт Кемелұлының 8 қыркүйектегі Жолдауында көтерілген саяси реформалар сөз болды. Атап айтқанда, қос палаталы Парламенттің орнына бір палаталы жүйе енгізу және бір мандатты депутаттарды партиялық тізіммен сайланатын депутаттармен алмастыру мәселесі талқыланды.

Қатысушылар бұл бастамалардың ел болашағы үшін маңызды екенін атап өтіп, бір жыл ішінде референдум өткізіп, халық пікірін білу қажеттігін қолдады.

Азаматхан Сайлауұлы: «Кеше біз мемлекет басшысының жолдауын тыңдадық, бүгін біз партияның осы ұстанымын жариялап отырмыз», – деді.

Партияның 9 бағыты бойынша ұстанымдары:

Цифрландыру және жасанды интеллект – цифрлық технология адамға қызмет етуі тиіс. «Жасыл екпін»: суды цифрлық есепке алу, ауаны бақылау, шығарындыларды қадағалау.

Экономика және инвестициялар – әр жоба «жасыл сүзгіден» өтуі қажет. Пайда халықтың денсаулығы мен табиғаттан артық болмауы тиіс.

Энергетика және экология – жасыл энергетиканы қолдайды. АЭС салуда ашықтық пен қауіпсіздік басты орында болуы қажет.

Су – стратегиялық ресурс – су үнемдеу технологияларын енгізу, суды әділ бөлу, цифрлық есепке алу.

Ауыл шаруашылығы – фермерлерге жаңа технологияларды енгізуге қолдау, экологиялық таза өнімдерді дамыту.

Көлік және жолдар – көлік жүйесі экологиялық, шекара рәсімдері цифрлық болуы тиіс.

Әлеуметтік сала – жаңа мектептер, ауруханалар, тұрғын үйлер және әділ тарифтер арқылы сапалы өмір сүру деңгейін көтеру.

Саяси реформа – Мәжілісті бір палаталы жүйеге көшіру мәселесін халық 2027 жылғы референдумда шешуі қажет.

«Таза Қазақстан» – акциядан ұлттық экологиялық идеологияға айналуы тиіс, деп сөзін аяқтады.

Президенттің Жолдауында айтылған бастамалар – ел дамуының жаңа кезеңіне жол ашады. «Байтақ» партиясы бұл өзгерістерді қолдай отырып, әрбір шешімнің экологиялық жауапкершілікпен жүзеге асуына баса мән береді. Себебі табиғатты қорғау, халықтың денсаулығы мен болашақ ұрпақтың амандығы – біздің басты құндылығымыз.  

Заңнамалық өзгерістер, реттеушілік саланы қайта жүктеу және мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің жаңа архитектурасы қабылданған шешімдердің тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Бұл Мемлекет басшысының негізгі талабына – инвестициялардың өсуіне, жұмыспен қамтуға және Қазақстан экономикасын технологиялық жаңғыртуға толық сәйкес келеді.

Ұқсас материалдар