Бүгін теңгенің құнсыздануы ерекше қарқынмен жалғасып жатыр. Банктермен айырбастау пункттерінде доллар курсы сағаттап өсуде. Таңертең 1 доллар 290 теңге шамасында болған еді. Түстен кейін 300 теңгеден асты.
Қазком өзінің ресми сайтында долларды сатып алуды 283, 30 теңге деп белгіледі. Сату - 287,06 теңге. Өз кезегінде ЦентрКредит шетел валютасын сату - 292,50 теңге, сатып алу - 290,50 теңге, AsiaCredit Bank сату - 295 теңге, сатып алу - 293 теңге, Евразиялық банк сату - 315 теңге, сатып алу - 285 теңгедеп көрсетті. Ең жоғары курс Qazaq Bankiнде. Мұнда сату - 328 теңге, сатып алу - 325 теңге.
Айырбастау пунктері де бағаны өсіруде. Kurs.kz порталының мәлімдеуінше, RDK-Exchange пен Limpopo и Лимон №1 пунктерінде 297 теңге. "Мер-Нұр" ЖШС - 297,5 тенге. KASE-нің түскі сессиясы кезінде доллар бағамын 293,98 теңгеге белгіленген болатын. Нәтижесінде келісілген баға 300 теңгеге дейін өсті. Сессия 15.30-да аяқталады.