Қазақстан Көлік министрлігі мәліметінше, Бейжіңде Көлік вице-министрі Жәнібек Тайжанов мен China Harbour Engineering Company басшылығы арасында кездесу өтті.
Келіссөз барысында «Аягөз – Бақты» теміржол жобасының іске асырылу барысы, құрылыс қарқынын арттыру және ресурстарды жедел жұмылдыру мәселелері талқыланды.
Қазақстан тарапы жобаға отандық компаниялар мен мамандарды тартудың және жергілікті материалдарды пайдаланудың маңызын атап өтті. Компания өкілдері жұмыстарды белгіленген мерзімде орындауға дайын екенін растады.
Айта кетейік, 2025 жылдың тамызында Қазақстан темір жолы мен China Harbour Engineering Company арасында EPC-келісімшарт жасалған.
Жоба Қазақстан мен Қытай арасындағы теміржол қатынасының өткізу қабілетін арттыруға бағытталған.





