Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Беларусь Литвамен шекарада литвалық жүк көліктердің шығуын шектеді

Беларусь Литвамен шекарада литвалық жүк көліктердің шығуын шектеді

2025 жылғы 10 қарашадан бастап Беларусь аумағынан литвалық тіркеудегі жүк көліктерінің шығуына уақытша шектеу енгізілді.

Бұл туралы елдің Мемлекеттік шекара қызметі хабарлады.

Шектеу демалыс күндерінен кейінгі көлік жүктемесін реттеу және фураларды тұрақтарға ұйымдасқан түрде бөлу мақсатында қойылған. Қазір Еуроодаққа өту кезегінде 1,9 мың жүк көлігі мен 2,9 мың жеңіл көлік тұр.

Беларусь аумағында 1,1 мың литвалық фура қалып отыр, олар арнайы тұрақтарға орналастырылған.

Беларусь Сыртқы істер министрлігі мұны Литваның шекараны біржақты жабу шешіміне жауап шарасы екенін мәлімдеді.

Ұқсас материалдар