Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Белгілі медиаменеджер Almaty Aqparat медиахолдингінің басшысы болып тағайындалды

Белгілі медиаменеджер Almaty Aqparat медиахолдингінің басшысы болып  тағайындалды
Фото: esquire

Белгілі журналист, медиа менеджер Ержан Жүнісов Almaty Aqparat медиахолдингінің басшысы болып тағайындалды. Бүгін
Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының басшысы Азиз Кажденбек жаңа жетекшіні ұжымға таныстырып, алдағы жұмысына сәттілік тіледі.

Ержан Жүнісов Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Журналистика» мамандығы бойынша білім алған. Сондай-ақ, Ыстанбұлдағы Мармара университетінде магистратурада оқыған.

Еңбек жолын 2006 жылы «Хабар» агенттігінде бастаған. Әр жылдары редактор, жүргізуші, продюсер қызметтерін атқарған. 2013–2018 жылдары Түркиядағы «Хабар» агенттігі мен «Хабар 24» телеарнасының меншікті тілшісі болған. Кейін «Қазақ радиолары» ЖШС басшылығы құрамында қызмет атқарып, Orda FM радиосының бас директоры болған.

2021 жылғы ақпанда Elorda Aqparat ЖШС директоры болып тағайындалған.
Almaty Aqparat медиахолдингіне тағайындалғанға дейін «31 арнаның» ақпараттық бағдарламалар директоры қызметін атқарған. Бұл қызметте «Информбюро» жаңалықтар бағдарламасының жұмысына жетекшілік еткен.

Ұқсас материалдар