2024 жылы 16 сауда базары жаңғыртудан өткен болса, биыл 100 сауда базарын модернизациялау жұмыстары жүргізілмек.
Базарларды жаңғыртудың Жол картасына сай 2025 жылы Астанада 7, Алматы қаласында 10, Шымкентте 4, Абай, Жамбыл, ШҚО, Қостанай, облыстарында 3-тен, Алматы облысында 10, Атырау және Қызылорда облыстарына 4-тен, Ақмола облысында 1, Ақтөбе және Ұлытау облыстарында 2-ден, Жетісу және Павлодар облыстарында 6-дан, Маңғыстау мен Қарағанды облыстарында 5-тен, Түркістан облысында 8 сауда базары жаңғыртудан өтеді. Ел бойынша ең көп сауда базарының модернизациясы жүретін өңір – Батыс Қазақстан облысы. Мұнда 14 сауда базарын жаңғырту жоспарланған.