Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Биыл 39,9 мың қазақстандық жұмысқа орналастырылды

Биыл 39,9 мың қазақстандық жұмысқа орналастырылды

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәліметінше, 2026 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен 46,9 мың адам қамтылып, олардың 39,9 мыңы жұмысқа орналасқан.

Субсидияланатын жұмыс орындарына 20,3 мың адам жіберілген. Оның ішінде:

  • 1,6 мың адам – әлеуметтік жұмыс орындарына;

  • 894 адам – жастар практикасына;

  • 16,5 мың адам – қоғамдық жұмыстарға;

  • 1,2 мың адам – Күміс жас жобасы аясында жұмысқа тұрған.

Жаңа бизнес-бастамаларды қолдау мақсатында халықтың әлеуметтік осал топтарына 400 АЕК-ке дейін (1 730 000 теңге) көлемінде 9 мың грант беру жоспарланып отыр.

Сонымен қатар еңбек нарығында сұранысқа ие дағдылар бойынша 13,2 мың жұмыссыз онлайн оқудан өткен, олардың 9,8 мыңы оқуын аяқтап, сертификат алған.

Бастау Бизнес жобасы аясында 6,9 мың адам кәсіпкерлік негіздеріне оқытылып, оның 2,7 мыңы курсты тәмамдаған.

Бұдан бөлек, 10 мың адамды кәсіптік оқытуға жіберу жоспарланып отыр.

Министрлік азаматтарды жұмысқа орналастыру бірнеше бағыт бойынша жүзеге асырылатынын атап өтті. Нақты жұмысқа орналасу фактісі міндетті зейнетақы жарналарының аударылуы арқылы расталады.

Ал 2026 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша Электрондық еңбек биржасы платформасында жарияланған бос жұмыс орындары арқылы 19,6 мың адам жұмысқа орналасқан.

Ұқсас материалдар