– 2024 жылдың қаңтар-қазан айларының қорытындысы бойынша магистральдық мұнай құбырлары арқылы тасымалданған мұнай көлемі шамамен 57,8 млн тоннаны құрады. Тасымалданған мұнайдың жалпы көлемінің 26%-дан астамы, яғни 15,1 млн тоннасы, отандық мұнай өңдеу зауыттарына (МӨЗ) жеткізілді, – деп атап өтті министрлік.
Негізгі көрсеткіштер:
• Каспий құбыр консорциумы (КҚК) құбыры арқылы шамамен 46,3 млн тонна мұнай тасымалданды.
• "Атырау – Самара" учаскесі бойынша тасымал көлемі шамамен 7,2 млн тоннаны құрады.
• 2024 жылдың қаңтар-қазан айларында Германияға 1,2 млн тонна қазақстандық мұнай жіберілді.
Ақтау портынан 3,1 млн тоннадан астам мұнай жөнелтілді. Оның ішінде:
• 1,6 млн тоннасы Махачкала портына жеткізілді.
• 1,2 млн тоннасы "Баку – Тбилиси – Джейхан" мұнай құбырына бағытталды.
"Атасу – Алашанькоу" мұнай құбыры арқылы 1 млн тоннадан астам мұнай тасымалданды.
Қазақстан арқылы мұнай транзиті 2024 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша Қазақстан аумағы арқылы мұнай транзитінің көлемі 8,4 млн тоннаны құрады. Оның ішінде:
• Ресей Федерациясы – Қытай Халық Республикасы бағыты бойынша – 8,2 млн тонна.
• Ресей Федерациясы – Өзбекстан Республикасы бағыты бойынша – 217 тонна мұнай.
Қазақстандық мұнай Италия, Нидерланд, Қытай, Корея Республикасы, Румыния, Франция, Грекия, Түркия, Сингапур, Германия және басқа да елдерге экспортталады.