Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Қазақстанда 16,7 млн тонна мұнай өңделді

Қазақстанда 16,7 млн тонна мұнай өңделді

2024 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша Қазақстанның мұнай өңдеу зауыттарында мұнай өңдеу көлемі 16,7 млн тоннаға жетті.

Бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,6%-ға артық.

Биылғы есепті кезеңде мұнай өнімдерін өндіру көлемі:

  • автобензин – 4,88 млн тонна немесе 2023 жылға 101,1%;
  • дизель отыны – 4,91 млн тонна немесе 2023 жылға 103%;
  • авиакеросин – 0,68 млн тонна немесе 2023 жылға 118,6%.

Бүгінде қазақстандық мұнай өңдеу зауыттары тұрақты жұмыс істейді, жанар-жағармай материалдарының (ЖЖМ) қорларын тиеу және толықтыру үздіксіз іске асырылады.

Ұқсас материалдар