Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

БЖЗҚ шетелдік банктерге миллиондаған доллар салуды жалғастырып жатыр

БЖЗҚ шетелдік банктерге миллиондаған доллар салуды жалғастырып жатыр

Алматы. 27 маусым. 7kun.kz - 2017 жылдың мамырында шетелдік банктерге орналастырылған зейнетақы активтерінің жалпы көлемі 82,962 млрд теңге болған. Долларға шаққанда олардың құны 265 млн долларға жетеді. Бұл туралы ақпаратты БЖЗҚ есептерінен көруге болады.

Зейнетақы қорының "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерінің есебінен қалыптастырылған инвестициялық портфелінің 2017 жылғы «01» «мамыр» жағдай бойынша құрылымы" атты есебінде шетелдік банктердегі депозиттердің жиынтығы 315,89 млрд теңгеге жеткен. Оның инвестициялық портфелдегі үлесі 4,51 пайызға тең.

"Бұлар кредиттік рейтингтері мен сенімділік деңгейі жоғары ұйымдар", - деді Алматы қаласында өткен баспасөз конференциясында "БЖЗҚ" АҚ төрағасының орынбасары Сәуле Егеубаева.

Бір ай бұрын, яғни 2017 жылдың сәуірінде шетелдік банктердегі салымдардың көлемі 221,08 млрд теңге еді, ал олардың инвестициялық портфельдегі жалпы үлесі 3,23 пайыз болатын.

Ал қазір ҚР Екінші деңгейлі банктеріндегі зейнетақы қорының салымы 342,28 млрд теңгені құрайды. Аталған салымның жалпы портфельдегі үлесі - 4,89%.

Похожие материалы