Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Cалымшылардың зейнетақы жинақтары 6,14 трлн теңгені құрады

Cалымшылардың зейнетақы жинақтары 6,14 трлн теңгені құрады

Алматы. 16 маусым. 7kun.kz - 2016 жылдың 1 маусымындағы есеп бойынша Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы зейнетақы жинақтары  6,14 трлн теңгені (ресми бағам- 338,75/$1) құрады. Бұл туралы БЖЗҚ-ның баспасөз қызметі хабарлады.

2016 жылдың 1 маусымында зейнетақы жарналарының барлық түрі бойынша жасалған келісімдердің жалпы саны 10,13 млн бірлікті құрады. Оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамтамасыз ету туралы шарт жасасқандар саны - 9,7 млн. Ал міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша келісім-шарттар саны - 400 мың 903 бірлік. Ерікті зейнетақы жарналары бойынша жеке зейнетақы шоттарының саны 38 мың 871 бірлікті құрады.

2016 жылдың басынан бері таза инвестициялық кіріс 208,59 млрд теңге көлемінде болды. Жыл басынан бері қор арқылы жүзеге асырылған зейнетақы төлемдері мен аударымдар 85,53 млрд теңгеге жуықтайды. Бұл соманың 9,06 млрд теңгесі сақтандыру ұйымдарына аударылды.

Похожие материалы