Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

БЖЗҚ қаражатын тіс емдеуге жұмсау мүмкіндігі уақытша тоқтатылды

БЖЗҚ қаражатын тіс емдеуге жұмсау мүмкіндігі уақытша тоқтатылды

Қазақстанда 2025 жылдың 15 қыркүйегінен бастап зейнетақы жинақтарын стоматологиялық қызметтерге пайдалану уақытша шектеледі.

Бұл туралы «Отбасы банк» ресми хабарлама жариялады.

Банк мәліметінше, аталған күннен бастап enpf-otbasy.kz платформасы арқылы тіс емдеуге байланысты өтініштер қабылданбайды. Шектеу зейнетақы қаражатының мақсатты әрі тиімді жұмсалуына қатысты өзгерістер аясында енгізіліп отыр.

«2025 жылғы 15 қыркүйектен бастап тіс емдеу қызметтеріне зейнетақы жинақтарын пайдалану бойынша өтініштер қабылдау тоқтатылады. Бұл күнге дейін жолданған барлық өтініштер белгіленген тәртіппен қаралады. Қызметтің қайта қашан қолжетімді болатыны туралы қосымша хабарланады», – делінген банктің ресми мәлімдемесінде.

Айта кетейік, соңғы жылдары зейнетақы жинақтарын емдік мақсатта, соның ішінде стоматология саласына пайдалану азаматтар арасында кең сұранысқа ие болған. Жаңа шектеу осы бағыттағы өтініштер ағынына уақытша тоқтау салып отыр.

Мамандар бұл шешімді уақытша шара ретінде бағалап, болашақта жаңа ережелермен қайта іске қосылуы мүмкін екенін алға тартады.

Ұқсас материалдар