Жаңалықтар
Данна Карагусова Blue Origin компаниясының зерттеу құрамымен ғарышқа аттанады

Ол тарихта Қазақстаннан шыққан алғашқы ғарыштық турист атанады. Қазақстанның ғарышпен тарихи байланысы зор: дәл осы Байқоңырдан адамзаттың тұңғыш ғарыш сапарлары басталған болатын. Даннаның ұшуы – жаңа символдық қадам: әлемге бірінші болып ғарыштық бастамаларды берген елден, алғаш рет қазақстандық әйел ғарышқа жол тартады.
Данна Карагусова туралы не белгілі?
Даннаның медиа, ивент және дистрибуция саласында 25 жылдан астам тәжірибесі бар. Ол елдегі ең ірі медиа және ивент-холдинг – First Media Group-тың негізін қалаушылардың бірі. Данна – тек визионер ғана емес, сонымен қатар ең батыл идеяларды жүзеге асыра білетін тәжірибелі маман.
Бүгінде ол өзін-өзі реттеу саласындағы халықаралық IT-жобаның теңқұрушысы. Ғарыш сапары оның зерттеу қызметінің бір бөлігі болмақ: жұмыс жобалары аясында Данна өз командасы әзірлеп жатқан технологияларды жеке тәжірибесінде сынап көреді.
«Адамзаттың болашағы ғарышпен байланысты. Жаңа көкжиектерді игере отырып, біз технологияларды дамытамыз және өз мүмкіндіктерімізді кеңейтеміз. Мен үшін бұл ұшу – көптеген жылдар бойы еңбектенген арманымның бір бөлігі әрі зерттеу жобасының маңызды кезеңі», – дейді Данна Карагусова.Ел үшін бұл ұшу – ғарышты игерудегі тарихи үлестің жаңа беті әрі ұлттық мақтанышқа себеп. Ал адамзат үшін – өзін-өзі реттеу технологиялары мен осы саладағы зерттеулердің болашақта маңызды рөл атқаратындығын, адамның әртүрлі жағдайда – жер бетінде де, ғарышта да – сын-қатерлерге төтеп беруіне көмектесетінін еске салу.