2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап ел тарихында алғаш рет жалпыға бірдей декларациялау толық күшіне енеді.
Елімізде бұған дейін шенеуніктер, депутаттар, бизнесмендер ғана табысы мен шығысын салықшыларға жариялап келсе, енді 18 жасар баладан еңкейген шалға дейін жыл сайын, өле-өлгенше мемлекетке барлық дүние-мүлкі туралы егжей-тегжейлі есеп тапсырып тұрады.
Тапсырмаса, қаптаған жазаның астында қалады. Мысалы, қазірдің өзінде декларациялаудың үшінші кезеңіне іліккен, бірақ оған мән бермеген азаматтардың банктік шоттары, салымдары, карталары жаппай бұғатталып, несие алу, кредит төлеу, ақша аудару және басқа банктік қызметтерді тұтынудан аласталып жатыр. Алда елді жаппай айыппұл салу жазасы күтіп тұр.
«Декларацияны тапсырмаса не болады? Декларацияны ұсынбау, сондай-ақ онда ақпаратты қасақана немесе кездейсоқ қате көрсету үшін бірінші рет "ескерту" түріндегі әкімшілік жауапкершілік қолданылады. Егер содан кейін қатесін түзетпесе, декларация тапсырмаса, яғни, бір жыл ішінде бұзушылықтарын қайталаса, уақтылы тапсырмағаны үшін – 15 АЕК (2024 жылы 55 380 теңге), мәліметті анық емес көрсеткені үшін – 3 АЕК (биыл 11 076 теңге) айыппұл салынады», – деп түсіндірді Мемлекеттік кірістер комитеті.
Бұл тек басы ғана, егер декларацияны тапсырмау немесе ондағы мәліметті жаңсақ көрсету нәтижесінде мемлекетке тиісті салығы төленбей қалса, онда «салықтардың төленбеуіне әкеп соқтырған бұзушылықтар үшін айыппұл төленбеген салық сомасының 200%-ын, бұзушылық қайталанған жағдайда 300%-ын (салық салу объектісін жасырған кезде) құрайтын болады.
Ұқсас материалдар
Көп оқылғандар
Жалпыға бірдей декларацияға қарсы петицияға қол жинап жатыр
- 19 ноября, 2024
Сирек металл өндіретін 5 зауыт қашан ашылады?
- 19 ноября, 2024