Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Ең төменгі жалақыны айқындау тәсілі халықаралық деңгейде бекітілді

Ең төменгі жалақыны айқындау тәсілі халықаралық деңгейде бекітілді

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова ең төменгі жалақыны белгілеу туралы 131-конвенцияны ратификациялауды ұсынды.

Конвенция ең төменгі жалақы жүйесін енгізуді, оны қайта қарау кезінде әлеуметтік әріптестік тараптарының қатысуын қамтамасыз етуді, сондай-ақ экономикалық факторлар мен қызметкерлердің қажеттілігін есепке алуды қарастырады.

Сонымен қатар, құжат еңбекақы төлеу саласында кемсітуге тыйым салу қағидатын бекітеді. Бұл тәсіл белгіленген ең төменгі жалақы деңгейін әлеуметтік әділеттілік пен экономикалық негізділік арасындағы тепе-теңдікті сақтауға бағытталған.

Ұқсас материалдар